02.07.2013, 14:42 2902

Ақтөбе облысында пара алды деген күдікпен колония бастығы құрықталды

Ақтөбе облысының Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) КА-168/3 түзеу мекемесі бастығының үстінен қылмыстық іс қозғады.

Астана. 2-шілде. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында пара алды деген күдікпен колония бастығы құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақтөбе облысының Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) КА-168/3 түзеу мекемесі бастығының үстінен қылмыстық іс қозғады.

"Оған 2013 жылы сотталушыға тәртіптік шаралар қолданбай, қылмыстының мереке мен демалыс күндері түрмеден емін-еркін кіріп-шығуына жағдай жасағаны үшін делдал арқылы 200 мың теңгеден астам пара алды деген айып тағылып отыр", - деп сейсенбі күні "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық қаржы полициясының баспасөз хатшысы Махаббат Дәрмішева мәлім етті.

Түрме бастығы сот санкциясы негізінде қамауға алынды.

Қазір қылмыстық іске қатысты тергеу жүріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны