29.05.2013, 16:43 3074

Ақтөбе облысында шағын стансадағы өрттен үйлер мен мекемелер жарықсыз қалды

Оның салдарынан орта мектеп, балабақша және медициналық пункт, жатақхана, екі 2 қабатты үй, 9 дүкен мен жеке сектордағы 40 тұрғын үй жарықсыз қалды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Ақтөбе. 29-мамыр. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тамды ауылындағы №2 трансфарматорлық шағын стансада өрт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оның салдарынан орта мектеп, балабақша және медициналық пункт, жатақхана, екі 2 қабатты үй, 9 дүкен мен жеке сектордағы 40 тұрғын үй жарықсыз қалды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

"27 мамыр күні орын алған өртті сөндіруге ҚР ТЖМ "Өрт сөндіруші" АҚ-тың жеке құрамынан 4 адам мен 1 техника жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Апаттық-құтқару жұмыстарына "Интергаз Орталық Азия" АҚ-тың апаттық бригадасынан 4 адам мен 1 техника жұмылдырылды", - делінген ақпаратта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны