22.12.2011, 15:03 4355

Ақтөбе облысында шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының Статистика агенттігінің ақпараттарына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Ақтөбе облысында 2011 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 23 359-дан 28 529 бірлікке дейін артқан.

Астана. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының Статистика агенттігінің ақпараттарына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Ақтөбе облысында 2011 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 23 359-дан 28 529 бірлікке дейін артқан.

Соңғы екі жылда Ақтөбе облысында тіркелген және белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны динамикада төмендеген. 2009 жылы-210 жылдың ІІІ тоқсанында тіркелген субъектілер - 18 пайызға, белсенді субъектілер - 30 пайызға төмендеген.

Осының салдарынан жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің ішіндегі белсенді субъектілердің үлесі төмендеген, атайп айтсақ, 2007 жылы бұл үлес - 73 пайызды құраса, 2010 жылдың ІІІ тоқсанының аяғында 65 пайызды құраған.

Тіркелген және белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 63 057 адамды құраған.

Жалпы алғанда, шағын және орта кәсіпкерлік аймақтағы жұмыс орындарының 22 пайызын қамтамасыз етеді. Оның ішінде, ұйымдастыру-құқықтық бөліністе орта бизнес кәсіпорындарында - 23,8 мың адам (жалпы қатысушылардың 26 пайызы), шағын бизнсе кәсіпорындарда - 22 мың адам (28 пайыз), жеке кәсіпкерлікте - 29,3 мың адам (35 пайыз), шаруа қожалықтарында - 9,5 мың адам (11 пайыз) жұмыс істейді.

2010 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Ақтөбе облысында екінші деңгейдегі банктердің несие қоржынының жалпы сомасы 155,6 млрд. теңгені құраған, бұл Қазақстан бойынша екінші деңгейлі банктердің жалпы кредит қоржынының 2,1 пайызын құрайды. Бұл соманың 36,1 млрд. теңгесі (жалпы қоржынның 23 пайызы) шағын кәсіпкерлікке берілген несиелер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны