11.04.2014, 19:50 3688

Ақтөбе облысында "Шатлық" татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің 15 жылдығы аталып өтті

Ақтөбе қаласындағы "Достық" үйінде "Шатлық" татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің құрылғанына - 15 жыл, "Язгы-Моннар" ән-би ансамблінің - 50 және "Мирас" жастар қанатының 10 жылдығы тойланды.

Алматы. 11 сәуір. Kazakhstan today. Ақтөбе қаласындағы "Достық" үйінде "Шатлық" татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің құрылғанына - 15 жыл, "Язгы-Моннар" ән-би ансамблінің - 50 және "Мирас" жастар қанатының 10 жылдығы тойланды. Мерекелік кешке облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова бастаған жергілікті атқарушы органның өкілдерімен қатар, еліміздің түкпір-түкпірінен қонақтар қатысты.

Қазір аймақта 9364 татар, 771 башқұрт ұлтының өкілдері өмір сүріп жатыр. Олардың ұлттық өнерін сақтап, дамытуына жарты ғасырдан бері жұмыс жасап келе жатқан "Язгы-Моннар" ән-би ансамблі айтарлықтай үлес қосып келеді, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Үш қызым "Язгы-Моннар" ән-би ансамблінің мүшесі. Кішкентай қызым екі жасынан өлең айтуға құмар болды. Үлкен қызым би билейді. Қазір бұл ансамбль жер-жерде өнер көрсетіп жүр. Жақында Қазан қаласында өткен өнер байқауынан кіші қызым лауреат атанып келді. Отбасымызбен тығыз араласып, осы орталықтың жұмысына әрдайым қол ұшымызды беруге дайын тұрамыз", - деді "Шатлық" татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің мүшесі Райс Ғалиуллин.

Мерекелік кешке жиналғандар татар-башқұрт және басқа да этномәдени орталық ұжымдарының өнерін тамашалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны