19.10.2018, 19:44 4147

Ақтөбе облысында суармалы жерлерді қалпына келтіруге 7 млрд теӊгеден астам қаржы бөлінеді

Оныӊ айтуынша, облыс бойынша 5 ауданда 7 млрд теӊгеден астам сомаға 15,662 мыӊ га жерді қалпына келтіру жоспарлануда.

Ақтөбе. 19 қазан. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында суармалы жерлерді қалпына келтіруге 7 млрд теӊгеден астам қаржы бөлінеді.

Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда "Қазсушар"РМК АФ басшысы Бекзат Наметов хабарлады.

Оныӊ айтуынша, облыс бойынша 5 ауданда 7 млрд теӊгеден астам сомаға 15,662 мыӊ га жерді қалпына келтіру жоспарлануда.

Жоба ЕҚДБ заемын пайдалана отырып іске асырылады және де жобаларды іске асыру мен тиімді ұйымдастыруда халықаралық озық тәжірибені пайдалануға мүмкіндік береді, бұл құрылыс-монтаж жұмыстарыныӊ сапасы мен жобалық жүйелерді пайдалануға дайындау үшін өте маӊызды болмақ.

"Суармалы жерлердіӊ жыл сайынғы жалпы өнімділігі өӊір бойынша жылына 35 млрд.теӊгеге дейін өссе, соныӊ ішіне пайдаланылмайтын жерлердіӊ де сумен қамтамасыз етілуін қалпына келтіру және жақсарту жағы да қарастырылып отыр. Сондай-ақ, суармалы егіншілікті қалпына келтіру және сақтау жұмыстары арқылы, ауыл тұрғындарын 8 мыӊ жұмыс орнымен қамтамасыз етуге мүмкіндік болады", - деді Бекзат Наметов.

Қазіргі уақытта облыста 21,5 мыӊ га суармалы жерлер игерілді. Бірақ, келесі жылы суару алаӊы тағы 8,9 мыӊ гектарға ұлғаяды.

Сонымен қатар, өӊірде 10 су қоймасы салынады. Оларды пайдалануға беру суармалы жерлердіӊ көлемін екі есеге арттырып, 80 мыӊ гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ақтөбе облысыныӊ

Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны