20.07.2018, 19:13 4732

Ақтөбе облысында суға шомылу маусымы басталғалы бері 9 қайғылы оқиға болды

Өӊірде 56 жағажай жұмыс жасайды, оныӊ 14-і Ақтөбеде, 42-сі аудандарда, оныӊ ішінде 12-сі коммерциялық және 44-і коммуналдық. Ақтөбеде 3 суда құтқару станциясы қызмет жасайды
Ақтөбе. 20 шілде. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында суға шомылу маусымы басталғалы бері 9 қайғылы оқиға болды.

Бұл туралы Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысының ТЖД бастығының орынбасары Ернұр Өтегенов хабарлады.

Оның айтуынша су айдындарындағы ақтөбеліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстың су айдындарында адамдардың қаза болуының алдын алу жөнінде іс-шаралар жоспары әзірленген. 2017 жылдан бастап бей-берекет суға шомылатын жерлерде құтқарушы-жасақшылар мен полицияның ерікті көмекшілері тартылған коммуналдық жағажайлар жұмыс жасайды.

Өңірде 56 жағажай жұмыс жасайды, оның 14-і Ақтөбеде, 42-сі аудандарда, оның ішінде 12-сі коммерциялық және 44-і коммуналдық. Ақтөбеде 3 суда құтқару станциясы қызмет жасайды, олар қажетті құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталған. Құтқару станцияларының жауапты аймағында ақылы демалыстың баламасы ретінде тұрғындардың барлық санаттары үшін кіру тегін екі Ақтөбе су қоймасында "Балдәурен" және Елек өзенінде "Шаттық" қоғамдық жағажайлары ашылды. Бұл шара судағы өлім санын азайтуға, балаларды тегін үйретуге және судағы спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік берді", - деді Ернұр Өтегенов.


Жыл басынан бері жедел-құтқару жасақтарының қызметкерлері мен жасақшылар 7 адамды құтқарды, оның 4-уі бала.

Облыстың су айдындарында 9 қайғылы оқиға тіркелді, 9 ересек адам қайтыс болды. Ақтөбеде - 4 оқиға, Ырғыз, Қарғалы, Мұғалжар, Темір және Ойыл аудандарында 1 оқиғадан. 4 оқиға суға түсуге тыйым салынған жерлерде, 1-уі "Саяхат" жағажайында болды".


Біздің тарапымыздан суға шомылушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде барлық шаралар алынады. Шомылу маусымы басталғанға шейін бассейндерде 6 мыңнан астам бала жүзуге үйретілді, судағы жүріс-тұрыс ережелері мен су айдындары жанында балаларды қараусыз қалдыру салдарлары туралы түсіндірілген 154 жоспардан тыс ата-аналар жиналыстары, Ақтөбе қаласы мен облыстың 12 ауданының 134 мектеп оқушыларымен сабақтар өткізілді. Мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлерде осы жұмыстар жалғастырылуда", - деп баса көрсетті департамент бастығының орынбасары.

Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны