06.06.2016, 14:08 4307

Ақтөбе облысында тағы да 6-7 лаӊкес іздестірілуде - ҚР ІІМ

"Қылмыскерлер арасында 12-сі көз жұмды және алтауы жарақаттанды. Шамамен 6-7 адамды біз іздестіріп жатырмыз. Олардыӊ қолдарында бес дана отты қару бар. Ақтөбеде орын алған оқиға орындарынан жалпы 11 қаруды тәркіледік. Қазіргі кезде барлықтарыныӊ аты-жөні белгілі, жедел топ жұмысын жалғастыруда",-деді министр.

Астана. 6 маусым. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында тағы да 6-7 лаӊкес іздестірілуде. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қылмыскерлер арасында 12-сі көз жұмды және алтауы жарақаттанды. Шамамен 6-7 адамды біз іздестіріп жатырмыз. Олардыӊ қолдарында бес дана отты қару бар. Ақтөбеде орын алған оқиға орындарынан жалпы 11 қаруды тәркіледік. Қазіргі кезде барлықтарыныӊ аты-жөні белгілі, жедел топ жұмысын жалғастыруда",-деді министр.

Бұдан бөлек, ҚР ІІМ басшысы Ақтөбедегі терактілер кезінде құрбан болған және зардап шеккендер бойынша мәліметтерді нақтылады. Азаматтардыӊ арасында үшеуі қаза болса, екеуі жарақаттанған.

Сонымен қатар қару-жарақ дүкеніне шабуыл кезінде оқиға орнына бірінші келген үш полиция қызметкері жарақаттанды. Түнде содырларды құрықтау барысында да полицейлер жарақат алды. Искери қызметшілер арасында үшеуі көз жұмып, алтауы жарақатты болды.

Оныӊ сөзіне қарағанда, содырлар әскери бөлімге шабуыл жасаған кезде сарбаздардыӊ барлығы қарусыз болған. Сондықтан әскерилер арасындағы жарақат алғандар да, қаза болғандар да көбірек.

"Қылмыскерлердіӊ мақсаты ары қарай өтіп, әскери бөлімдегі қару-жарақты иемдену болған. Ал ол жерде қарулы жауынгерлер күзетте тұрды. Олар қарсылық танытты, сондай-ақ полицейлер де жеткенен кейін қылмыскерлер гараждар арқылы қашты",-деді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны