02.12.2010, 15:08 3574

Ақтөбе облысында тастанды балалардың құқықтарын тұл жетімдермен теңесітру туралы ұсыныстар айтылуда

Ақтөбе облысында облыстық білім беру басқармасының өкілдері тастанды балалардың құқықтарын тұл жетімдермен теңесітру туралы ұсыныстар айтуда. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Ақтөбе облысының білім беру басқармасының жетекші маманы Дина Орнова хабарлады.

Ақтөбе. 2 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында облыстық білім беру басқармасының өкілдері тастанды балалардың құқықтарын тұл жетімдермен теңесітру туралы ұсыныстар айтуда. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Ақтөбе облысының білім беру басқармасының жетекші маманы Дина Орнова хабарлады.

"Қазіргі уақытта тастанды балалар тұл жетім балалар сияқты ай сайын 9 мың теңге көлемінде жәрдемақы ала алмайды. Бұл қаржы ай сайын олардың жеке есепшоттарына түсіп отырады. Ал жәрдемақы алатын жетім балалар есейгенше белгілі бір көлемде қаржы жинап алады",- деді Д. Орнова. Оның айтуынша, тастанды балалардың мұндай мүмкіндіктері жоқ.

Осыған байланысты облыстық білім беру басқармасы бірқатар қызметтерді тарта отырып, тастанды балалардың ата-аналарын іздестіруде.

"Біз олардың ата-аналарының тірі немесе тірі емес екендігін анықтауымыз қажет. Егер олардың ата-аналары қайтыс болса, олар заң бойынша жәрдемақы алатын құқықтары бар",- деп түсіндіріп өтті ол.

Оның айтуынша, бүгінде облыстағы интернаттарда 76 тастанды бала тәрбиеленуде. Соңғы айларда олардың 12-нің ата-аналары қайтыс болғандығы белгілі болған. Осыған байланысты оларға тиісті жәрдемақы бөлінуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны