15.10.2018, 14:22 4952

Ақтөбе облысында тоқсандағы қария абайсызда пойыздыӊ астына түсе жаздады

Жүргелі тұрған пойыздыӊ астынан өтпек болған қарияныӊ аяғыныӊ екі башпайын пойыз басып кеткен.

Ақтөбе. 15 қазан. Kazakhstan Today - Ақтөбеніӊ Шалқар ауданы Бершүгір станциясында тоқсандағы қария абайсызда пойыздыӊ астына түсе жаздады. Жүргелі тұрған пойыздыӊ астынан өтпек болған қарияныӊ аяғыныӊ екі башпайын пойыз басып кеткен.

Сақтық шараларыныӊ жиі қолға алынып жатқанына қарамастан, станцияда тұрғындар тарапынан жол бойын кесіп өтерде қауіпсіздік ережелері сақтала бермейді екен. Тоқсаннан асқан ақсақалдыӊ пойыздыӊ астынан қалай өтпек болғаны түсініксіз.

Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі қауіпсіздік қызметініӊ басшысы Айболат Дарбаевтыӊ хабарлауынша, 1928 жылы туған тұрғын жүргелі тұрған жүк пойызыныӊ астынан өтіп кетпек болған. "Ауыл тұрғыны, жасы біразға келген, жол бойындағы қоршаудан да қалай өтіп кеткені белгісіз. Башпайларын пойыз басып кетті. Қария рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған. Белгілісі, үлкен кісі спирттік ішімдік ішпеген.Бүгінде тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ақтөбе жүк тасымалыныӊ қауіпсіздікке жауапты қызметкерлері алдағы уақытта қорытындысын хабарлайтын болады", -дейді ол.

Станция тұрғындары қауіпсіздіктен хабарсыз емес. Мектептерде, мекемелерде арнайы кездесулер жиі ұйымдастырылады. Алайда, ауылда көпір бола тұра, тұрғындар жол арасымен жүруін доғарар емес. Тіпті, арнайы қоршау да тұрғызылған. Алайда, оны да бұзып кетеді екен. Ал, бұзылған қоршауды станция ұжымы өз қаражатына қалпына келтіруден шаршаған. Айналып келгенде, тұрғындарға көпірмен өтуді әдетке айналдырудыӊ жолы қайсы деп бас қатыруда тиісті құзырлы орындар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны