17.10.2018, 17:57 4046

Ақтөбе облысында туберкулез ауруы бойынша жағдай тұрақты

5 қазан күні Ақтөбе қаласындағы №10 орта мектептіӊ 4 сынып оқушысыныӊ туберкулез ауруына шалдыққаны туралы санитариялық-эпидемиологиялық қызметке шұғыл хабарлама түскен.

Ақтөбе. 17 қазан. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында туберкулез ауруы бойынша жағдай тұрақты.

Бұл туралы Ақтөбе облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментініӊ басшысы Нұрсұлу Беркімбаева мәлімдеді.

Департамент басшысыныӊ айтуынша, профилиактикалық алдын алу іс-шараларын өткізудіӊ нәтижесінде аурушаӊдықтыӊ төмендеуі байқалады. Жалпы, 9 айдыӊ қорытындысы бойынша аурушаӊдық 11,2%-ға, соныӊ ішінде балалар арасында 28,7%-ға төмендеген. Бірақ, ауруды түгелдей жою әзірге мүмкін емес.

"5 қазан күні Ақтөбе қаласындағы №10 орта мектептіӊ 4 сынып оқушысыныӊ туберкулез ауруына шалдыққаны туралы санитариялық-эпидемиологиялық қызметке шұғыл хабарлама түскен. Жедел түрде мектепте эпидемияға қарсы іс-шаралар, сондай-ақ эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Жалпы, мектептіӊ санитариялық-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлық, білім ошағы орталықтандырылған су, кәріз және жылу жүйесіне қосылған. Мектепте қорытынды дезинфекция жұмыстары жүргізілді ", - деп атап өтті Нұрсұлу Беркімбева.

Мектепте баламен байланыста болған адамдардыӊ барлығы қазіргі таӊда медициналық тексеруден өтіп жатыр.

"Эпидемиологиялық зерттеу жүргізу барысында, науқас баланыӊ жазғы демалыс кезінде Атырау облысы, Құлсары қаласында болғаны анықталды, осыған орай жергілікті Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы хат жолданды", - деді департамент басшысы.

Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны