06.02.2007, 16:46 3185

Ақтөбе облысында ВИЧ індетін жұқтырғандардың саны бір жыл ішінде 15 пайызға өскен

АҚТӨБЕ. 6-ақпан. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысында ВИЧ індетін жұқтырғандардың саны бір жыл ішінде 15 пайызға өскен. Бұл туралы журналистерге Ақтөбе облысының СПИД-пен күрес және оның алдын-алу жөніндегі орталығынан хабарлады.

"Облыста үстіміздегі жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен ВИЧ індетін жұқтырған 130 адам тіркелген",- деп хабарлады орталықтың бас дәрігері Жасұлан Тілеумұратов. Соның ішінде он адам көз жұмған, олардың бесеуі СПИД-тің құрбаны болып отыр.

ВИЧ індетін жұқтырғандар Ақтөбе мен облыстың он екі ауданының бесеуінен, атап айтқанда Хромтау, Қарғалы, Мартук, Алға және Хобда аудандарында анықталған.

Облыста тіркелген ВИЧ індетін жұқтырғандардың жалпы санының 80 пайызы - нашақорлар, басым бөлігі - еркектер. Сондай-ақ, ВИЧ індетін жұқтырғандардың 27,7 пайызы 15-29 жас аралығындағы жастар.

Ж. Тілеумұратовтың сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта Ақтөбеде ВИЧ індеті таралуының алдын-алу мақсатында үш сенім пункті ашылған, олардың біреуі - санитарлық, екеуі мобильді. "Оларда қажетті кеңестер беріледі, сонымен қатар, шприцтер мен инелерді ауыстыру жүргізіледі, дезинфициялық және т.б. заттар беріледі",- деді СПИД орталығындағылар.

Ақтөбе облысында 670 мың адам тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны