01.07.2008, 19:28 3740

Ақтөбе облысында жаңа балалар үйі салынады

Ақтөбе облысында жаңа балалар үйі салынады

Ақтөбе. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында балалар үйлерінде орын тапшылығы проблемасын шешу үшін жаңа балалар үйі салынады, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

200 орынға есептелген жаңа балалар үйі келесі жылы Хромтау ауданында ашылады.

Қазір жетім балаларға арналған сауықтыру лагерінде облыстық бюджеттің есебінен жаңа төрт корпус салына бастады. Сонымен бірге, 138 балаға есептелген Тамды қосымша мектеп -интернатында жатақхана күрделі жөндеуден өткізіліп, заманауи ойын бөлмелері мен демалыс бөлмелері жабдықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны