27.07.2018, 16:13 3590

Ақтөбе облысында жастардыӊ жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөнінде кешенді іс-шаралар алынуда

Биылғы жылы еӊбек жасақтарына барлығы 5 500-ден астам жастар қатысады. Олардыӊ әрқайсысымен жеке еӊбек шарты жасалынады. Ай сайынғы еӊбекақысы 50-55 мыӊ теӊге құрайды. Жұмыстарды ұйымдастыруға барлығы 400 миллионға жуық теӊге бөлінді.

Ақтөбе. 27 шілде. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында жастардыӊ жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөнінде кешенді іс-шаралар алынуда. Осы мақсатта студенттердіӊ құрылыс жасақтарыныӊ және "Жасыл ел" жасақтарыныӊ жұмысына жаӊашылдықтар енгізілді. Егер өткен жылдары жасақтар тек жазғы мезгілде жұмыс істесе, енді осы жылдан бастап жастар жыл бойына жұмыс істеуге және еӊбекақы табуға мүмкіндік алды.

Биылғы жылы еӊбек жасақтарына барлығы 5 500-ден астам жастар қатысады. Олардыӊ әрқайсысымен жеке еӊбек шарты жасалынады. Ай сайынғы еӊбекақысы 50-55 мыӊ теӊге құрайды. Жұмыстарды ұйымдастыруға барлығы 400 миллионға жуық теӊге бөлінді.

Өӊірде жасақшылардыӊ еӊбектегі жетістіктері қосымша марапатталатынын атап өткіміз келеді - осы жылы еӊ үздік сексен адамға Астанаға жолдама сыйлыққа берілетін болады.

Қазіргі уақытта жасақшылар Ақтөбе мен облыстыӊ басқа да елді-мекендерін көркейтумен және көгалдандырумен, "Нұрлы жер" және "Туған жер" бағдарламалары аясында тұрғын үйлер мен маӊызды әлеуметтік нысандар тұрғызумен айналысуда.

Одан басқа, жасақтар экологиялық акцияларға да белсенді қатысуда. Мысалға, көктем келгелі бері олар Елек, Қарғалы өзендерініӊ, Ақтөбе су қоймасыныӊ жанындағы Ақтөбе тұрғындарыныӊ сүйіспеншілікпен демалатын жерлерінен 15 тонна қоқыс шығарды.

"Жасыл ел" еӊбек жасақтарын ұйымдастыру,оларға жастарды орналастыру және еӊбекақы төлеу бойынша елімізде Ақтөбе облысы дәстүрлі алғашқы орын алатынын айта кеткіміз келеді. 2017 жылы облыстық штаб "Республикалық үздік штаб" атағына ие болды.

2005 жылдан 2007 жыл аралығында облыстыӊ студенттік жасақтары қатарында 50 мыӊға жуық жастар еӊбек етті. Олар 900 мыӊ ағаш отырғызып, 10 мыӊ тонна қоқыс жинап, оларды шығарды, 2520 гектар саябақтар мен гүлзарларды жасылдандырып, 1200 объекті тұрғызды.

Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны