26.02.2007, 14:50 3095

Ақтөбе облысында жылдың аяғына дейін алты мектеп салынбақ

АҚТӨБЕ. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысында 2007 жылдың аяғына дейін 1,8 мың оқушы білім алатын алты мектеп салынбақ. Бұл туралы бүгін журналистерге Ақтөбе облысының білім департаментінің бастығы Қасымбек Алдияров хабарлады.

Оның сөздеріне сүйенсек, жаңа салынатын мектептердің құрылысына 859 млн теңгеден астам қаржы бөлінген, оның 391 млн теңгесі республикалық бюджет қаржысы.

Бұл қаржыға Темір, Шалқар, Айтеке би, Қобда және Алға аудандарында жалпы білім беретін мектептер ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қ. Алдияровтың айтуынша, қазіргі уақытта 2008 жылы облыстың төрт ауданында жалпы сыйымдылығы 1,6 мыңнан астам адамға арналған тағы да бес мектеп, сонымен қатар облыстың төрт ауданы мен Ақтөбеде бес кәсіби интернат мектебін салу туралы "ұсыныс енгізілуде".

Шенеуніктің сөздеріне сүйенсек, бұл мақсатқа 1,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Ақтөбе облысында 470 астам мектеп бар, олардың 12-сі апаттық жағдайда деп танылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны