17.07.2018, 21:59 3904

Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты күйінде қалып отыр

Илемдегі эпидемиологиялық ахуалдыӊ қолайсыздығын және облыс аумағына жұқпалы ауруларды әкелудіӊ жоғары қатерін ескере отырып, департамент басшысы ақтөбеліктердіӊ туристік сапарларды жоспарлаған кезде аса қауіпті және жаӊадан пайда болған аурулардыӊ алдын-алудыӊ негізгі шаралары туралы ұмытпауды сұрайды.

Ақтөбе. 18 шілде. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты күйінде қалып отыр.

Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысыныӊ қоғамдық денсаулықты сақтау департаментініӊ басшысы Нұрсұлу Беркімбаева айтты.

"Біз 99 нозология бойынша мониторинг жүргіземіз. Осы мерзім ішінде жұқпалы аурулардыӊ таралуы және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына, сумен жабдықтау нысандарына, сол сияқты, ұйымдастырылған ұжымдарға, медицина мекемелеріне байланысты тамақтан улану оқиғалары тіркелген жоқ. Тұрғындарды алдын-алу екпелерімен қамту 49,9-51,8% құрады. Түсіндіру жұмыстарыныӊ нәтижесінде 102 баланыӊ ата-анасыныӊ вакцинация қажет екендігіне көздері жеткізілді. Жыл басынан бері облыс аумағында менингокок жұқпасыныӊ 4 жағдайы, оныӊ ішінде 14 жасқа дейінгі 3 бала тіркелді. Науқастардыӊ медициналық көмекке уақытылы жүгінуініӊ арқасында қайғылы оқиғаға соқтырған жағдайлар болған жоқ. Менингокок жұқпасы күдігіне 18 ошақ, 315 байланыста болған адамдар тексерілді",- деді спикер.

І жартыжылдықта емдеу-алдын-алу ұйымдарына жануарлардыӊ тістеуінен, тырнауынан және сілекейін жұқтыруынан 1202 зардап шегуші құтыруға қарсы көмек көрсетуді сұрап жолықты. Үй жануарлары арасындағы құтыру бойынша 5 қолайсыз жерлер тіркелінді (Ырғыз ауданында -2, Байғанин, Қобда және Ойыл аудандарында - 1).

Тұрғындар арасында туберкулезбен ауырудыӊ 1,7%, науқастықтыӊ 4,3% төмендегені байқалады.

Илемдегі эпидемиологиялық ахуалдыӊ қолайсыздығын және облыс аумағына жұқпалы ауруларды әкелудіӊ жоғары қатерін ескере отырып, департамент басшысы ақтөбеліктердіӊ туристік сапарларды жоспарлаған кезде аса қауіпті және жаӊадан пайда болған аурулардыӊ алдын-алудыӊ негізгі шаралары туралы ұмытпауды сұрайды.

Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны