13.07.2011, 14:00 3174

Ақтөбе облысындағы ұзындығы 215 шақырым болатын транзиттік дәліз бөлігі шілде айында пайдалануға берілмек

Жалпы алғанда "Батыс Еуропа - Батыс Қытай жобасының аясында Ақтөбе облысында 355 шақырым жол қайта жөнделмек.

Астана. 13 шілде. Kazakhstan Today - Қарабұтақ - Ырғыз - Қызылорда облысының шекарасына дейінгі жөндеуден өткізілген жол бөлігі шілде айында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Республикалық бюджет қаражаты есебінен Қарабұтақ - Ырғыз - Қызылорда облысының шекарасына дейінгі ұзындығы 215 шақырымды құрайтын жол бөлігі жөндеуден өткізілді. "Иврус" ЖШС мен "Дена Рахсаз Қазақстан" ЖШС компаниялары 2007 жылдан бері осы жұмыспен айналысты. Осы айда осы жолды пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Жалпы алғанда "Батыс Еуропа - Батыс Қытай жобасының аясында Ақтөбе облысында 355 шақырым жол қайта жөнделмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны