01.03.2012, 15:39 4184

Ақтөбе облысының әкімдігі мен "ҚазАгро" ҰБХ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы филиалының ғимаратында аймақтың агроөнеркәсіп кешенінің 2011 жылы дамуы қорытындыларына арналған кеңес болып өтті.

Ақтөбе. 1-наурыз. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысының әкімдігі мен "ҚазАгро" ҰБХ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы филиалының ғимаратында аймақтың агроөнеркәсіп кешенінің 2011 жылы дамуы қорытындыларына арналған кеңес болып өтті.

Кеңеске облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ның басқарма төрағасы Берік Бейсенғалиев, "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС-нің бас директоры Валентин Двуреченский, Ақтөбенің және облыс аудандарының әкімдері, мемлекеттік құрылымдардың жетекшілері қатысты.

Б.Бейсенғалиевтың айтуынша, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ жобаларды 900 млрд. теңгеге қаржыландырды, соның ішінде 2011 жылы республиканың АӨК-не 235 млрд. теңге бөлінген еді. Ақтөбе облысында да ауыл шаруашылығы саласының қаржыландырылу өсімінің жақсы серпіні байқалуда.

Шара барысында Ақтөбе облыстық әкімдігі мен "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ның ынтымақтастық, сондай-ақ Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында элеваторлық кешеннің құрылысы туралы меморандумға қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны