05.05.2014, 20:15 6166

Ақтөбе облысының әкімі аймақтың ауыл шаруашылық нысандарын аралады

Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Мәртөк ауданына барып, ондағы біраз нысандардың тыныс-тіршілігімен танысты.Облыс басшысы бастаған топ алдымен Саржансай елдімекенінде орналасқан "Нұр" кемпингіне ат басын бұрды.

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan today. Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Мәртөк ауданына барып, ондағы біраз нысандардың тыныс-тіршілігімен танысты.Облыс басшысы бастаған топ алдымен Саржансай елдімекенінде орналасқан "Нұр" кемпингіне ат басын бұрды.

Содан бері жолаушыларға қызмет етіп келе жатқан "Нұр" - шағын қонақ үй мен дәмханадан тұрады. 360 шаршы метр аумақты алып жатқан ғимарат "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" дәлізінің бойында жатқандықтан, оған келушілер де көп, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Сапар барысында Архимед Бегежанұлы аудандағы "Асылжан" кешенінде болып, оның жұмысымен танысқаннан кейін жергілікті ауылшаруашылық қожалығына барды. Ірі қара малдың терісін қайта өңдеуге машықтанғалы отырған қожалықтың жұмысы алға басу үшін әлі 42 млн. АҚШ доллары қажет.

Сондай-ақ, аймақ басшысы "Мәртөк Сүт" ЖШС-на ат ізін салып, сүт өнімдерін өндірушілердің аяқ алысын көрді. Жұмысы жанданып жатқан мекеменің өкілі Дастан Дәулетәлиннің сөзіне қарағанда, алдағы уақытта сүт өнімдерінің қораптарын өзімізде жасау көзделіп отыр. Ол үшін бүгінде қажетті келіссөздердің барлығы жасалып жатқан көрінеді. Жер алып, жаңадан цех ашқан серіктестіктің одан әрі қарай дамуы үшін облыстық билік те аянып қалмайтынын білдірді.

Бұл қаржыға шетелден арнаулы қондырғыларды сатып алатынын айтқан жеке кәсіпкер мемлекеттен қолдау күтеді. Айына 180 тонна мал терісін өңдеп, 50-ге дейін адамды жұмыспен қамтуды мақсат еткен қожалықтың алға қойған міндет-мұратын облыс әкімі өз тарапынан оңды бағалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны