04.12.2012, 18:37 2898

Ақтөбе облысының әкімі "Нұр Отан" ХДП облыстық филиалының төрағасы болып сайланды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының ғимаратында партияның облыстық филиалының XIV есеп беру-сайлау конференциясы өткен.

Ақтөбе. 4-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысының әкімі "Нұр Отан" ХДП облыстық филиалының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының ғимаратында партияның облыстық филиалының XIV есеп беру-сайлау конференциясы өткен.

Шараға "Нұр Отан" ХДП хатшысы Ерлан Қарин, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, партияның облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Партияның облыстық филиалының қызметі туралы оның төрағасы Балғали Ордабаев баяндады.

Одан кейін саяси кеңестің және партияның облыстық филиалындағы бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамын сайлау өтті.

Дауыс беру қорытындылары бойынша "Нұр Отан" ХДП облыстық филиалының төрағасы болып облыс әкімі Архимед Мұхамбетов сайланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны