25.06.2008, 10:10 1528

Ақтөбе облысының әкімі облыс орталығындағы ең биік ғимараттың қисая бастағаны жөніндегі қауесетті теріске шығарды

Ақтөбе облысының әкімі облыс орталығындағы ең биік ғимараттың қисая бастағаны жөніндегі қауесетті теріске шығарды

Ақтөбе. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов облыс орталығындағы ең биік ғимараттың қисая бастағаны жөніндегі қауесетті теріске шығарды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, БАҚ өкілдерімен кездесуде журналистердің сауалдарына жауап беру кезінде, облыс басшысы қазіргі уақытта Ақтөбеде салынып жатқан 25 қабаттық ғимарат бір жағына қарай 20 см-ге қисайыпты деген қаңқу сөздерге қатысты "Ақтөбе ажары" тұрғын үй кешенінде салынып жатқан 25 қабаттық биік үйдің ауытқу мөлшері 5-15 мм-ден аспайтынын атап өтті.

"Бұл 0,5-3 см аралығында ғана. Бұған құрылыс нормалары бойынша жол беріледі", - деп атап көрсетті облыс басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны