05.04.2011, 13:37 3987

Ақтөбе облысының прокуратурасы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 22 азаматты ақтау туралы шешім қабылдады

Ақтөбе облысының прокуратурасы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 22 азаматты ақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 5 - сәуір. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысының прокуратурасы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 22 азаматты ақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, өткен ғасырдың 30-40-шы жылдары жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды ақтау мәселесі бойынша тексерістер тұрақты түрде жүргізіліп отырады, деп мәлім еткен Бас прокуратура өкілдері.

Сол кезде қозғалған кезекті қылмыстық істерді таяуда Ақтөбе облысының прокуратурасы қарады. Анықталғандай, Қазақстандағы Біріккен мемлекеттік саяси басқару (БМСБ) өкілетті өкілдігінің (ӨӨ) жанындағы "үштіктің" 1930 жылдың 6 желтоқсанындағы қаулысымен, банда жасақтарын құрғаны үшін, Ақтөбе округі Шалқар ауданының 6 ауылында шаруашылық компаниялардың енгізілуіне қарсы шыққаны үшін, округтің оңтүстік аумақтарына халықтың көшуін ұйымдастырғаны үшін, Кеңестік үкіметке қарсы антикеңестік үгіт жүргізгендері үшін Ресей Кеңестік Федеративті Социалистік Республикасының Қылмыстық кодексінің 58-8, 58-10 және 59-3 баптары бойынша 22 азамат кінәлі деп табылды. Олардың 4-еуінің - мүлкі тәркіленіп, ату жазасына кесілді; 3-еуі - 10 жылға; 7-еуі - 5 жылға; тағы 2-уі 3 жылға бас бостандықтарынан айырылды; 3-уі белгіленбеген мерзімге Қазақстан аумағында жер аударылды; 3-уі - мерзімдерін алдын ала қамауда өтегендіктен, босатылды.

Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" Заңының 4-ші және 5-ші баптарын негізге ала отырып, Ақтөбе облысының прокуратурасы қылмыс құрамы табылмауына байланысты аталмыш 22 тұлғаға қатысты қозғалған қылмыстық істерді тоқтатты. ҚР "Жаппай саяси қуғын-

сүргін құрбандарын ақтау туралы" Заңына сәйкес оларды ақтау шешімі қабылданды.

Тарих беттеріне сүйенсек, 1921-1954 жылдар аралығында Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырады, тағы 25-і ату жазасына кесілді.

Бүгінгі күнге дейін республикада Қазақстанға жер аударылғандарды қоса алғанда заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған 350 мың адам ақталды. Мұрағатты құжаттарды қарау жұмыстары жалғастырылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны