22.07.2008, 11:06 1783

Ақтөбе облысының табиғат қорғау прокуратурасы "Батыс Мұнай" компаниясына 1,8 млн теңге айыппұл салды

Ақтөбе облысының табиғат қорғау прокуратурасы "Батыс Мұнай" компаниясына 1,8 млн теңге айыппұл салды

Ақтөбе. 22 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысының табиғат қорғау прокуратурасы "Батыс Мұнай" ЖШС 1,8 млн теңге айыппұл салды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ақтөбе облысының табиғат қорғау прокуроры Ғани Иміровқа сілтеме жасай отырып.

"Заң бойынша қоршаған ортаға шығарылған эмиссия мұнай операцияларының барлық сатыларында оларға белгіленген қалдықтың ең жоғарғы шегінің нормативтерінен аспауы керек екені белгілі. Алайда, "Батыс Мұнай" компаниясының қызметін тексергенде бұл компанияның 2007 жылы атмосфераға 100,5 шартты тонна азот оксидін нормативтен артық шығарғаны белгілі болды", - деп хабарлады Ғ. Иміров.

Оның айтуынша, нәтижесінде ұйымға қатысты прокурор әкімшілік іс қозғаған. Содан кейін мемлекет пайдасына 1,8 млн теңге көлеміндегі айыппұл өндіріп алынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны