04.06.2014, 22:58 3052

Ақтөбе облыстық беларусьтер бірлестігі ЕАЭО-ның құрылуын қолдайды

ЕАЭО - қатысушылардың мүдделеріне негіздлген таза экономикалық одақ. Бұл мүше мемлекеттердің мәдени-гуманитарлық дамуы мен ұлттық құндылықтарына әсер етпек емес. Интеграцияны тереңдете отырып мемлекеттердің ұлттық ерекшеліктері нығая түспек.

Алматы. 4 маусым. Kazakhstan today. ЕАЭО мүше мемлекеттердің ұлттық ұқсастығы интеграциясы алдағы уақытта тек қана тереңдей бермек, дейді Ақтөбе облыстық "Алеся" беларусь этномәдени бірлестігінің төрағасы В. Дынник.

"Қазақстан, Ресей мен Беларусь өз кәсіпкерлеріне тауар, қызмет, инвестиция, еңбек ресурстарының алмасуы үшін ортақ нарық құрып, техникалық реттеудің ортақ кеңістігін қамтамасыз етіп, сыртқы экономика салаларының дамуын үйлестіреді. Сонымен қатар біріңғай ережелер, бәсекелестік қағидасы мен субсидия беру ержелері туралы келісімге қол қояды. Мұның барлығы біздің кәсіпкерліктің өндірісті кеңейтіп, өнім сапасын арттыру мен өнім түрлерін көбейтуге мүмкіндік береді", - дейді В.Дынник.

Оның айтуынша, қарапайым тұтынушылар - Қазақстан, Ресей мен Беларусьтің азаматтары бірінші кезекте пайдаға кенеледі. Олар тауар, қызметтің сапалы түріне қол жеткізіп, жұмыс іздеуде еуразиялық кеңістікте еркін жүріп-тұра алады. Бұл кезде олардың барлығына бірдей әлеуметтік құқық мен бірдей еңбек міндеттемелері қойылады.

"ЕАЭО - қатысушылардың мүдделеріне негіздлген таза экономикалық одақ. Бұл мүше мемлекеттердің мәдени-гуманитарлық дамуы мен ұлттық құндылықтарына әсер етпек емес. Интеграцияны тереңдете отырып мемлекеттердің ұлттық ерекшеліктері нығая түспек. Одақтың басты мақсаты - ортақ нарық құра отырып саяси суверенитетке нұқсан келтірмей тауар, қызмет пен инвестиция, еңбек ресурстарының еркін алмасуында кедергілерді жою. Одаққа мүше мемлекеттер одақты құрарда азаматтардың әлеуметтік мүдделерін бірінші кезекке қойды", - дейді бірлестік жетекшісі.

"Біз, "Алеся" беларусь этномәдени бірлестігі мүшелері, ЕАЭО-тың құрылуын қос қолдап қолдаймыз", - дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны