05.09.2018, 20:05 4022

Ақтөбе облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасыныӊ қызметкерлері құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған лицензияларды заӊсыз бергені үшін күдіктелуде

Олар лауазымдық уәкілеттілігін асыра пайданалып, жеке пайдасына түсіру мақсатында 25 кәсіпорынға үлестес тұлғаларға тіркелген іздестіру қызметі мен құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған лицензияларды заӊсыз бергені үшін күдіктелуде.

Ақтөбе. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысыныӊ бұрынғы орынбасары мен осы мекеменіӊ бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Олар лауазымдық уәкілеттілігін асыра пайданалып, жеке пайдасына түсіру мақсатында 25 кәсіпорынға үлестес тұлғаларға тіркелген іздестіру қызметі мен құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған лицензияларды заӊсыз бергені үшін күдіктелуде.

Одан әрі лицензияланатын қызмет түрі бар кәсіпорындар әрбірі орташа есеппен 8 млн. теӊгеге сатылған, ал алынған ақша бөлім басшысына беріліп отырған.

Жалпы залал сомасы 102 млн. теӊгені құрайды.

Бөлім басшысы сот санкциясымен қамауға алынды.

Екіншісіне қатысты бұлтартпау шарасын қабылдау жайы қарастырылуда.

Тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны