22.07.2013, 13:01 3073

Ақтөбе полицейлері сенбіден бері бес жасар баланың ата-анасын іздестіруде

20 шілдеде Ақтөбе қалалық ІІБ-нің кезекші бөліміне АТФ-1 бағбандық ұжымының ауданында Мейірбек есімді бес жасар ұл бала ата-ананың қарауынсыз жалғыз жүргені туралы хабарлама келіп түсті. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдин мәлімдеді.

Астана. 22-шілде. Kazakhstan Today - Ақтөбе полицейлері сенбіден бері бес жасар баланың ата-анасын іздестіруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

20 шілдеде Ақтөбе қалалық ІІБ-нің кезекші бөліміне АТФ-1 бағбандық ұжымының ауданында Мейірбек есімді бес жасар ұл бала ата-ананың қарауынсыз жалғыз жүргені туралы хабарлама келіп түсті. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдин мәлімдеді.

"Жылап тұрған баланы жүргінші байқап қалып, полицияға хабарлаған. Мейірбектің қолында киім-кешек салынған сөмкесі болған. Оның түрі-басы тұрмысы нашар отбасының баласына ұқсамайды.

Ата-анасының тек есімдерін ғана біледі. Икесі - Талғат, анасы - Құндыз екенін айтқан. Ол кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді. Қазіргі уақытта Ақтөбе қалалық ІІБ полициясы қызметкерлері Мейірбектің ата-анасының кім екенін анықтау және табу бойынша жедел-іздеу шараларын жүргізуде", - деді А.Уайдин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны