03.12.2007, 09:34 1834

Ақтөбе полициясы жеке тасымалдаушыларды такси қызметіне өтуге ұсыныс жасауда

Ақтөбе полициясы жеке тасымалдаушыларды такси қызметіне өтуге ұсыныс жасауда

Ақтөбе. 3-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе қалалық полиция қызметі жеке такси жүргізушілеріне жасалған шабуылдардың жиілеуіне байланысты жеке тасымалмен айналысатын көлік иелерін ресми такси қызметіне өтуге шақырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің бастығы Алмат Иманғалиев жеке тасымалдаумен айналысатындардың барлығын ресми такси қызметіне өтуге шақырды.

"Оларда (ресми ұйымдарда - "Қазақстан Бүгін" агенттігінің ескертпесі) такси жүргізушісін рациямен қамтамасыз етеді және оның қала шеңберіндегі қозғалысы қатаң бақылауда болады, - деді А. Иманғалиев. - Ал, жеке такси жүргізушілері өзінің сезімінен басқа сенері жоқ".

"Бұдан бұрын біз жеке такси жүргізушілерін алдыңғы және артқы орындықтардың арасында қалқан қоюға, көлікті "бесінші нүктемен" - қауіпті сәттерде жүргізушінің орындығы астынан полиция қызметкерлеріне берілетін арнайы дабылмен жабдықтауға және күдікті тұлғаларды көлікке кіргізбеуге өтініш жасаған болатынбыз. Алайда, бүгінгі күні біз оларға ресми такси қызметін ескермеудің дұрыс еместігін хабарлаудамыз", - деді баспасөз қызметінің бастығы.

Оның айтуынша, жеке такси жүргізушілері осылай ғана өз өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.

А. Иманғалиев "өткен аптадағы 22-жастағы жеке такси жүргізушісінің өлімі осыған мысал бола алады", - деп хабарлады. Ол, сондай-ақ, такси жүргізушісі сол күні жеткізіп салуға келіскен 3 клиентінің қолынан қаза тапқандығы жөнінде хабардар етті.

Баспасөз қызметі бастығының хабарлауынша, облыста такси жүргізушілеріне қатысты арнайы статистика жүргізілмейді. Алайда, бұл облыста болған алғашқы оқиға емес.

Ақтөбе қаласында такси қызметімен айналысатын барлығы 10 қызмет бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны