10.12.2015, 10:52 3339

Ақтөбе шекара отрядына қарасты "Илімбет-авто" бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары салмағы 57 тонна болатын ұнтақты заӊсыз алып өтуге тырысқан жүргізушілерді ұсталды.

Қазіргі уақытта олар бақылау-өткізу бекетінде, ұстау бойынша материалдарды ҚР ҚК 196 бабыныӊ 1 тармағы бойынша Ақтөбе облысыныӊ кіріс департаментіне беру жоспарлануда.

Ақтөбе. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Атап айтқанда, 2015 жылдыӊ 9-желтоқсаны күні 22 сағат 30 минут шамасында "MAN" автомашинасын мінген 1974 жылы туылған Қазқстан азаматы Құмбасов И, 2 бірдей "КамАЗ" жүк көліктерін мінген Ресей Федерациясыныӊ азаматтары - 1978 жылы туылған Кемерболатов Б. пен 1984 жылы туылған Бадиев Т. ұсталды. Көліктеріне салмағы 57 тонна болатын хромды-шпинді ұнтақ (порошок) артқан азаматтардыӊ Қазақстаннан Ресейге кетіп бара жатқандықтары белгілі болды. Дегенмен, олар көліктеріне артып алған жүктерін ілестірме құжатсыз алып өтуге әрекеттеніп бақты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі уақытта олар бақылау-өткізу бекетінде, ұстау бойынша материалдарды ҚР ҚК 196 бабыныӊ 1 тармағы бойынша Ақтөбе облысыныӊ кіріс департаментіне беру жоспарлануда.

Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны