19.10.2006, 13:54 3423

Ақтөбеде 2010-жылға дейін әділет қалашығын салу межеленген

АҚТӨБЕ. 19-қазан. Kazakhstan Today. Ақтөбеде 2010-жылға дейін әділет қалашығын салу межеленген, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Ақтөбе облыстық сотына сілтеме жасап.

Қалашықты қазіргі облыстық соттың ғимаратын қоршай шоғырландыру көзделген: бұл жерде қалалық сот, экономикалық сот, әкімшілік сот пен Ақтөбе облыстық соттарының әкімшілігі орналасады. "Қазір бұл соттар облыс орталығының түрлі аудандарында бытырай орналасқан. Ал қалашық орнату - ақтөбеліктердің игілігі үш жасалатын қадам",- дейді облыстық соттағылар.

Иділет қалашығы қазіргі заманғы техникамен жарақтанады. "Бұл мақсатқа қаржы не жергілікті бюджеттен бөлінеді, не болмаса, демеушілердің көмегі пайдаланылады",- деді ақпарат көзі.

Ал әзірге жергілікті әділет мекемелерінің материалдық-техникалық қамтамасыздығы сын көтермейді. "соттарда тіпті кеңес құратын бөлмесі де жоқ", деп кейіді Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұхтар Есжанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны