23.12.2015, 18:49 3810

Ақтөбеде 4,5 млрд. теӊге бюджет қаржысын талан-таражға салған қылмыстық топ мүшесі ұсталды

Бюро ақпаратына қарағанда, Е.Иділовтіӊ және М.Өндіргенов басшылық еткен ұйымдасқан қылмыстық топтыӊ заӊсыз әрекеттерініӊ нәтижесінде 2009-2015 жылдар аралығында 4,5 млрд. теӊгеден астам бюджет қаржысы ұрланған.

Астана. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақтөбеде 4,5 млрд. теӊге бюджет қаржысын талан-таражға салған қылмыстық топ мүшесі ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросыныӊ баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ағымдағы жылдыӊ 22 желтоқсанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросыныӊ Ақтөбе облыстық департаменті "Емшан" компаниясыныӊ президенті, облыстық мәслихат депутаты М.Өндіргенов басқаратын ұйымдасқан қылмыстық топтыӊ белсенділерініӊ бірі азамат Е.Иділовті ұстады. Ұйымдасқан қылмыстық топтыӊ мүшелері "Автопарк" ЖШС қызметініӊ залал шеккендігі және жеӊілдігі бар жолаушыларды тасымалдау үшін облыс бюджетінен субсидия бөлу қажеттігі туралы теріс мәліметтер бергендігі анықталды",- делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Бюро ақпаратына қарағанда, Е.Иділовтіӊ және М.Өндіргенов басшылық еткен ұйымдасқан қылмыстық топтыӊ заӊсыз әрекеттерініӊ нәтижесінде 2009-2015 жылдар аралығында 4,5 млрд. теӊгеден астам бюджет қаржысы ұрланған.

Е.Иділов ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексініӊ 128-ші бабына сәйкес ұсталып, Ақтөбе қалалық ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны