29.04.2016, 20:17 5326

Ақтөбеде 7 жастағы баланыӊ өліміне қатысты күдікті әлі анықталған жоқ

"Ийтеке би ауданы, Милы ауылында 7 жастағы баланыӊ мүрдесі табылды. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық Кодекстіӊ "Адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғалды. Барлық сот-медициналық сараптама тағайындалды. Изірге, күдікті анықталған жоқ",- дейді облыстық Ішкі істер департаментініӊ баспасөз жетекшісі Ардагер Уайдин

Ақтөбе. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Оқиға ортақ базаға тіркеліп, Қылмыстық Кодекстіӊ "Адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғалды. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментініӊ баспасөз жетекшісі Ардагер Уайдин айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ийтеке би ауданы, Милы ауылында 7 жастағы баланыӊ мүрдесі табылды. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық Кодекстіӊ "Адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғалды. Барлық сот-медициналық сараптама тағайындалды. Изірге, күдікті анықталған жоқ",- дейді облыстық Ішкі істер департаментініӊ баспасөз жетекшісі Ардагер Уайдин, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Естеріӊізге саламыз, Ақтөбе облысы Ийтеке би ауданы Милы ауылындағы 7 жастағы мектеп оқушысы кеше жоғалып кетті. Бала бір күннен соӊ нағашысыныӊ қорасында табылған. "Милы ауылында қаза болған бала бір үйдіӊ екі қыздан кейінгі жалғыз ұлы екен. Ата-анасы мектепте мұғалім. Олар таӊертеӊ жұмысқа кетіп, 1-сынып оқушысы 9:45-те үйінен шығып кеткен. Ол сол күйі мектепке бармаған. Класс жетекшісі мектепте ата-анасын көріп, баласын сұраса, ешкім білмейтін болып шықты. Содан үй мен қораны, сарайды тінтиді. Бірақ, таппаған. Ал бүгін оныӊ мәйіті нағашысыныӊ қорасынан табылды",- дейді Ийтеке би ауданыныӊ тұрғыны Ақерке Кенжина.

Ал қаза болған мектеп оқушысы Саян Жақсылықовтыӊ нағашысы Бейсенғали Сейітовтіӊ айтуынша, баланыӊ мүрдесі нағашысы әрі ауыл әкімі Рахила Сейітованыӊ қорасынан табылды. "Кімнен күдіктенетінімізді, кімге кінә артатынымызды білмеймін. Қазір баланыӊ денесіне сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр",- дейді ол.

Милы Аралтоғай селолық округіне қарайды. Мұнда 40-тан астам ғана үй бар. Ийтеке би ауданы әкімініӊ қабылдау бөлімі "Аудан әкімі Аманғали Бердалин селолық округтерді аралап кетсе, оныӊ орынбасары Темірбек Рахметов селолық округ әкімдерімен жиын өткізіп жатыр. Милы ауылындағы оқиға туралы ештеӊе айта алмаймыз",- деп тұтқаны қоя салды. Ал Аралтоғай селолық округініӊ әкімдігінде тек мал дәрігерініӊ көмекшісі отыр. Өзгелері Милы ауылына кеткен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны