28.04.2018, 00:36 4728

Ақтөбеде әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша ірі халықаралық форум өтеді

"Мемлекеттіӊ, бизнес пен ҮЕҰ әлеуметтік проблемаларды шешудегі әріптестігі" форумы Израильдан, Грузиядан, Түркиядан, Польшадан келген белгілі халықаралық сарапшылардыӊ қатысуымен 11-12 мамырда Ақтөбе қаласында өтеді.

Ақтөбе. 28 сәуір. KazakhstanToday - Ақтөбеде әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша ірі халықаралық форум өтеді.

Бұл туралы Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз-конференциясында Ақтөбе облысыныӊ кәсіпкерлік басқармасыныӊ басшысы Анар Даржанова хабарлады.

"Егер дәстүрлі бизнесте бірінші табыс тұрса, әлеуметтік кәсіпкерліктегі еӊ бастысы социумныӊ белгілі бір проблемаларын шешу, тұрғындардыӊ қорғалынбаған тобын тарту. Бүгінде дәл осы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытатын уақыт келді. Оны ұйымдастыруға Ақтөбе облысыныӊ әкімі, сондай-ақ, Ақтөбе облысыныӊ Іскер әйелдер ассоциациясы көмек көрсетті", - деп айтты Ақтөбе облысыныӊ кәсіпкерлік басқармасыныӊ басшысы.

"Мемлекеттіӊ, бизнес пен ҮЕҰ әлеуметтік проблемаларды шешудегі әріптестігі" форумы Израильдан, Грузиядан, Түркиядан, Польшадан келген белгілі халықаралық сарапшылардыӊ қатысуымен 11-12 мамырда Ақтөбе қаласында өтеді. Олар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту тәжірибесімен бөліседі.

"Жаӊадан бастаған бизнесмендерге де, тәжірибелі бизнесмендерге де кейде идеялар, бастамалар мен жақсы мысалдар жетіспей жатады. Бұл форум, міне, осыныӊ бәрін көрсетеді және нәтижесі өте жоғары болады деп үміттенемін. Бізге халықаралық деӊгейде қолданылатын осындай білімдер керек", - деп толықтырды Ақтөбе облысыныӊ Іскер әйелдер ассоциациясыныӊ төрайымы Күлшат Масалимова.

Алдағы форумда әлеуметтік кәсіпкерлікті заӊды түрде анықтау, оныӊ қандай белгілері болуы керек деген сияқты мәселелер, яғни, бизнестіӊ түрін қандай жағдайда әлеуметтік кәсіпкерлік деп анықтауға болатыны қарастырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны