05.09.2017, 19:11 4392

Ақтөбеде алғашқы өӊірлік ядролық медицина орталығыныӊ құрылысы басталды

Астанада ғана баламасы бар бірегей мекеме дүниежүзілік жетекші зерттеулердіӊ негізінде онкологиялық аурулардыӊ ерте диагностикасын жүргізуге мүмкіндік береді. Мәселен, мұнда ерте сатыдағы ісік ауруын клиникалық белгілері болмаған жағдайда анықтауға мүмкіндік беретін позитрондық-эмиссиялық томография қолданылмақ.

Ақтөбе. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбеде 30 тамыз, сәрсенбіде болашақ ядролық медицина орталығыныӊ іргетасын қалау рәсімі өтті.

Астанада ғана баламасы бар бірегей мекеме дүниежүзілік жетекші зерттеулердіӊ негізінде онкологиялық аурулардыӊ ерте диагностикасын жүргізуге мүмкіндік береді. Мәселен, мұнда ерте сатыдағы ісік ауруын клиникалық белгілері болмаған жағдайда анықтауға мүмкіндік беретін позитрондық-эмиссиялық томография қолданылмақ.

Орталық қызметі тек ақтөбеліктерге ғана емес, өзге облыстан келген сонымен қатар, алыс-жақын шетелдерден келген емделушілерге де қол жетімді.

Болашақ ғимараттыӊ іргетасын қалаған облыс әкімініӊ орынбасары Ербол Нұрғалиев мемлекеттік-жеке серіктестік аясында жүзеге асырылып жатқан құрылысқа старт берді.

- Жобаны жүзеге асыру облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен GE Healthcare өкілініӊ өткен жылдыӊ қараша айында қол қойған өзара түсінісушілік туралы меморандаумныӊ арқасында мүмкін болды,-деп жеткізді Ербол Нұрғалиев.

Жобаға сәйкес, ядролық медицина орталығыныӊ жалпы аумағы мыӊ шаршы метрден асады.

- Орталық екі блоктан тұратын болады. Біріншіден, бұл ауру ошағыныӊ орналасуын көрімдеуге көмектесетін GMP әлемдік стандарттарын қолдана отырып радиофармацевтикалық дәрі-дәрмектерді өндіру. Екіншіден, бұл GE Healthcare-діӊ жоғары технологиялық құрал-жабдықтардыӊ бірыӊғай сызғышымен жарақтанған тікелей диагностикалық бөлімі. Осы блоктарды бір мекемеге қатар орналастыру азғантай мерзімдік жартылай ыдырайтын изотоптарды тиімді пайдалануға, сонымен қатар, орталық жұмысын емделушілер легініӊ көбеюіне бейімдеуге мүмкіндік береді,-деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы Исет Қалиев.

Жалпы құны 5,7 млрд теӊге болатын құрылысты 2018 жылдыӊ қыркүйек айында аяқтау жаспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны