14.04.2011, 15:53 4083

Ақтөбеде алты килограмм алтын ұрлады деген күдікті ұсталды

Ақтөбеде алты килограмм алтын ұрлады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақтөбе. 14 - сәуір. Kazakhstan Today - Ақтөбеде алты килограмм алтын ұрлады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Ақтөбелік полицейлер 2011 жылдың ақпан айында жасалған алтын бұйымдарының ірі ұрлығын ашқан.

Ертеректе "Шығыс" базарының "Шаттық" зергерлік дүңгіршегінен 52 млн. теңгенің алтын бұйымдары ұрланған болатын.

Бүгін облыстық ІІД өткізілген брифинг барысында хабарланғандай, полицейлер аталмыш оқиғаға қатысты ҚР ҚК 175-бабы - "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғап, ол қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстары үздіксіз жүргізілді.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен Ақтөбе қалалық ІІБ қызметкерлерімен 10 сәуірде 22 жас пен 43 жас аралығындағы бес ақтөбелік азамат құрықталды. Олардың бірі бұрындары ұрлық үшін, екіншісі қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотты болған.

Тергеу барысында анықталғаны, күдіктілердің бірі жұмыс уақытында дүңгіршекке кіріп, соның шатырында жасырынып қалады. Павильон жабылғаннан кейін ол сөреден бірнеше пар шұлық алып, бақылау камераларына кигізе салады. Одан кейін ол сыртқы пластикалық кіреберіс есіктің астыңғы жағын ақырын тысқа қарай шығарып, ұялы телефоннан сыбайластарына хабарласып, оларға кислород баллоны мен газ дәнекерлеу құралын алдырады. Икелінген құралдармен сейфті ашып, күтіп тұрған көлікке мініп, іздерін суытады.

Полицейлер ұрланған алтындардың бір бөлігін тәркіледі. Қазіргі уақытта ұрланған зергерлік бұйымдарды сатқан жерлерді анықтау үшін жедел-тергеу шаралары жүріп жатыр. Күдіктілердің айтуынша, ұрланған алтынның бір бөлігін Ақтөбе қаласында, екінші бөлігін Ресейдің Орынбор қаласында сатылған.

Фото: despravda.com.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны