13.09.2018, 21:03 4854

Ақтөбеде бастауыш сынып оқушыларын жеке мектептерге ауыстыру арқылы үш ауысымдық оқыту мәселесі шешіледі

Айта кетейік, Орта білім берудіӊ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру ережесі ҚР "Білім туралы" Заӊына сәйкес бекітілді. Ақтөбе облысы осы механизімді алғашқылардыӊ бірі болып пайдалана бастады. Бір оқушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері айына 20 мыӊ теӊгені құрайды.

Ақтөбе. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбеде бастауыш сынып оқушыларын жеке мектептерге ауыстыру арқылы үш ауысымдық оқыту мәселесі шешіледі.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында екі оқу орныныӊ 1-4 сыныптарында оқитын 700 оқушыны жеке мектепке ауыстыруға қатысты жағдайды білім басқармасыныӊ басшысы Ләззат Уразбаева түсіндірді.

Оныӊ айтуынша, ағымдағы жылы мемлекеттік тапсырысты орындау үшін білім беру бөлімі 800 орынға конкурс өткізген. Оныӊ қорытындысы бойынша "Сымбат" мектебіне 650 орынды оқушыны орналастыру көзделіп отыр. Себебі, оқу ордасы "Батыс 2" тұрғын үй алабында орналасқан. Осы шағын аудандағы №63,64 орта мектептер оқушылардыӊ саныныӊ көптігіне байланысты үш ауысымдажұмыс істейді, біріншісінде 908 бала оқыса, екіншісінде 1400 бала білім алады.

"Аталған мектептердіӊ 1-4 сынып оқушылары мұғалімдерімен бірге ауыстырылады. Бұл оқу орны - материалдық базамен және қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша еӊ үздіктердіӊ бірі. Келешекте бұл мектептіӊ базасында гимназиялық сыныптар ашылатын болады, осыған байланысты біз педагогикалық құрамныӊ біліктілігін арттыру бойынша жұмысты қатар жүргіземіз. Ата - аналар болса мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жүзеге асыру балаларға жақсы мектепте, жақсы жағдайда және 24 оқушыдан артық емес толтырылған сыныптарда оқуға мүмкіндік беретінін түсінуі тиіс", - деп түсіндірді Ләззат Уразбаева.

Айта кетейік, Орта білім берудіӊ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру ережесі ҚР "Білім туралы" Заӊына сәйкес бекітілді. Ақтөбе облысы осы механизімді алғашқылардыӊ бірі болып пайдалана бастады. Бір оқушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері айына 20 мыӊ теӊгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны