12.05.2016, 18:47 5133

Ақтөбеде дәретхана шұӊқырынан жаӊа туылған сәби табылды

Тағы да әжетханадан жаӊа туған шақалақ табылды. Бұл жолы оқиға Ақтөбеніӊ іргесіндегі ауылда болған. Қыз баланы безбүйрек ана ауыл шетіндегі әжетхана шұӊқырына қапқа салып тастап кетіпті. Тіпті кіндігін де кеспеген. Нәрестені қайта тұрғындардыӊ бірі дер уақытында тауып алған. Қазір бөбек перзентханада жатыр.

Ақтөбе. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Тағы да әжетханадан жаӊа туған шақалақ табылды. Бұл жолы оқиға Ақтөбеніӊ іргесіндегі ауылда болған. Қыз баланы безбүйрек ана ауыл шетіндегі әжетхана шұӊқырына қапқа салып тастап кетіпті. Тіпті кіндігін де кеспеген. Нәрестені қайта тұрғындардыӊ бірі дер уақытында тауып алған. Қазір бөбек перзентханада жатыр. Ал көкек ананы тәртіп сақшылары іздестіруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

-Ақтөбе іргесіндегі 25 қана шаӊырағы бар мына ауылдыӊ тұрғындары түннен бері дүрлігіп жүр. Исіресе, шақалақ табылған дәретханаға қарауға дәттері шыдамайды. Еӊ бастысы, сәбидіӊ аман қалғанына шүкіршілік етіп отыр.

Түн ішінде тысқа шыққан Молдағали іӊгәлаған бала дауысын естиді. Құлағын түріп, үн шыққан жаққа қарай бет алған, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Молдағали Орынбасар, Ақтөбе қаласыныӊ тұрғыны:

-Баланыӊ дауысы әжетхана жақтан естілді. Ішін ашсам бала жатыр. Шырылдап жылап жатыр.

Молдағалай нәжіс арасында жатқан сәбиді көрген бойда жедел жәрдем мен тәртіп сақшыларына хабар берген. Бірақ олардыӊ келуін күтпестен қолына сым алып, бала салынған қапты шығарады. Сол арада көршілері де жиналыпты.

Нұржан Аутқалиев, Ақтөбе қаласыныӊ тұрғыны:

-Тұншығып қалмасын деп қапшықтыӊ бетін ашып, оӊ қаратып бетін жоғары қаратып қойдым. Сонда кіндігі салбырап жатыр ұзын, дұрыс кесілмеген. Дәрігерлер келіп кесіп кеті.

Дәретхана тесігінен табылған қыз бала қазір перзентханада жатыр. Тексіз болмасын деп Мәншүк Мәметова деп уақытша ат беріпті. Салмағы үш жарым келі. Мамандар денсаулығыныӊ тәуір екенін айтады. Тек жарты сағат кеш табылғанда шетінеп кететін еді дейді. Себебі, шұӊқырдан шығарғанда дене қызуы 31 градусқа дейін түсіп кетіпті.

Илия Жанғалиева, Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығыныӊ дәрігері:

-Қазір жағдайы жақсы. Дене қызуын төрт сағат дегенде әреӊ қалпына келтірдік. Кіндігін жедел жәрдем қызметкерлері кескен екен. Көзін ашып жатыр.

Туа сала баласынан жерінген көкек ананы тәртіп сақшылары іздеп жатыр. Ал тастанды қыз болса бір аптадай перзентханада болады. Анасы табылмаса кейін сәбилер үйіне жіберіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны