08.02.2011, 15:39 4004

Ақтөбеде экстракорпоральдық ұрықтандыру орталығы ашылады

Ақтөбеде экстракорпоральдық ұрықтандыру орталығы ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақтөбе. 8 - ақпан. Kazakhstan Today - Ақтөбеде экстракорпоральдық ұрықтандыру орталығы ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Ақтөбеде "Бизнестің жол картасы -2020" бағдарламасы аясында экстракорпоральдық ұрықтандыру орталығын ашу жоспарлануда.

"Даму-аймақтар ІІ" бағдарламасы бойынша мемлекеттік көмекке берілген жекеменшік кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарайтын аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысында осы және басқа да бірқатар жобалар мақұлданды.

"Даму" қорының аймақтық филиалының бас менеджері Берік Нұрғалиевтің айтуынша, Ақтөбеде ЭКО-орталығын құру және эмбриология және репродуктология мәселелері бойынша мамандарды оқыту жобасын "Отбасылық дәрігер және компания" ЖШС ұсынып отыр.

"Жоба 5 миллион теңге сомаға "БТА Банктің" несиесі бойынша "Бизнестің жол картасы" бағдарламасының бірінші бағытының аясында қаржыландырылатын болды", - деді Б.Нұрғалиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны