04.12.2008, 18:00 3456

Ақтөбеде ескерткішті бүлдіру әрекеті жасалды

Ақтөбеде ескерткішті бүлдіру әрекеті жасалды

Ақтөбе. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде ескерткішті бүлдіру әрекеті жасалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желтоқсанның 3-інен 4-іне қараған түні патрульдік полициясының "Ұлан-2" экипажы Абай даңғылы арқылы өтіп бара жатып "Қан мен тер" ескерткішінің жанында тұрған екі адамды байқайды. Қоладан жасалған мүсіндерден құралған ескерткіштің жанында тұрғандар полиция көлігін көріп тұра қашқан.

Полиция қызметкерлері қашқандарды ұстаған кезде олардан әйелдің мүсінінің бір бөлшегі алынды. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны