05.03.2007, 14:13 2951

Ақтөбеде Халықаралық әйелдер күні қарсаңында он бір ана күміс алқамен марапатталды

АҚТӨБЕ. 5-наурыз. Kazakhstan Today. Ақтөбеде Халықаралық әйелдер күні 8-наурыз мейрамы қарсаңында сегіз және одан да көп бала өсіріп, тәрбиелеген он бір ана "Күміс Алқамен" марапатталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Марапаттапу салтанаты қалалық әкімшілікте өтті. Аналарға кеуде белгісі мен гүл шоқтарын Ақтөбе әкімінің орынбасары Икімгерей Көшербаев табыс етті.

Ақтөбе облыстық мемлекеттік зейнетақы төлемдері орталығының ақпараттарына сүйенсек, аймақта бүгінгі күнде "Ана даңқы" белгісімен (төрт және одан да көп бала өсіріп, тәрбиелеген аналарға табыс етіледі) марапатталған 6,8 мың ана, "Күміс Алқамен" марапатталған 829 ана, "Алтын Алқа" алған 150 әйел және де 1,7 мыңнан астам батыр-ана бар. Олардың барлығы мемлекеттен арнайы жәрдемақы алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны