07.06.2016, 19:02 4119

Ақтөбеде іздеуде жүрген лаӊкестердіӊ тізімінен көршісін таныған тұрғындар таӊданысын жасыра алмады

Ақтөбеде лаӊкестік оқиғаға қатысты арнайы операция әлі тоқтаған жоқ. Қазір қарулы қақтығысқа қатысы бар 7 адам іздестіріліп жатыр. Олардыӊ екеуі Қызылорда мен Ақмола облыстарыныӊ тумалары, қалғандары ақтөбелік. Куәгерлердіӊ айтуынша, қашып жүргендерді ұстау үшін бірнеше ауданда атыс болған. Қазірге дейін 13 содырдыӊ көзі жойылып

Ақтөбе. 7 маусым. Kazakhstan Today - Ақтөбеде лаӊкестік оқиғаға қатысты арнайы операция әлі тоқтаған жоқ. Қазір қарулы қақтығысқа қатысы бар 7 адам іздестіріліп жатыр. Олардыӊ екеуі Қызылорда мен Ақмола облыстарыныӊ тумалары, қалғандары ақтөбелік. Куәгерлердіӊ айтуынша, қашып жүргендерді ұстау үшін бірнеше ауданда атыс болған. Қазірге дейін 13 содырдыӊ көзі жойылып, сегізі қамауға алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

-Ақтөбедегі жағдай әлі тынышталмай тұр. Қала ішіндегі қатынас пен байланысқа қойылған шектеулер алынып тасталғанымен, жұрт үрейден арылмаған. Оған да себеп жоқ емес.

Қаланыӊ қақ ортасындағы 8-ші ықшамаудан тұрғындары түске таман тағы бір дүрлігіп қалды. Куәгерлердіӊ айтуынша, мұнда да атыс болған, деп хабарлайды ktk-tv.kz тілшісі.

Иділхан Демесінов, Ақтөбе қаласыныӊ тұрғыны:

-Осыдан бір сағат бұрын атыс болды. Полиция біреуді қуып жүр. Одан басқасын білмеймін.

Жексенбі күнгі лаӊкестік оқиғаға қатысы бар күдіктілердіӊ 7-уі әлі бостандықта жүр. Содырлардыӊ суреттері бар, аты-жөндері белгілі. Олардыӊ екеуі Ақмола мен Қызылорда облыстарыныӊ тумалары, қалғандары ақтөбелік. Араларындағы еӊ үлкенініӊ жасы 43-те. Ал лаӊкестердіӊ жақындарыныӊ ешбірініӊ тілшілермен сөйлескісі жоқ. Тек іздеуде жүргендердіӊ тізімін көрген көршілері таӊ қалып отыр.

-5ші маусымнан бері оны көрмедім. Анасын танимын. Сәлемі түзу еді. Бұл қалай болғанын өзіміз түсінбей қалдық.

Ішкі істер министрлігіндегілер барлық жағдайды қадағалап отырғандарын айтады. Сондықтан тұрғындарды сабырға шақыруда.

Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ ресми өкілі:

-13 қылмыскердіӊ көзі жойылды. 4 жарақаттанды. 7 қылмыскер іздеуде. Ішкі істер органдары іздеудегі қылмыскерлерді ұстау бойынша барлық шараларды қабылдауда.

Тәртіп сақшылары іздеуде жүргендерді көрген-білгендер болса жедел хабар беруін сұрап отыр. Лаӊкесттікке қарсы штаб қазір тұрғындардан түскен әр хабарды жіті бақылауға алған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны