11.06.2008, 10:37 1246

Ақтөбеде кәсіпкерлер темір жол және көлік прокурорларымен үш жақты меморандумға қол қойды

Ақтөбеде кәсіпкерлер темір жол және көлік прокурорларымен үш жақты меморандумға қол қойды

Ақтөбе. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Кеше "Атамекен" кәсіпкерлер қауымдастығының өңірлік бөлімшесі, Батыс өңірінің көлік прокуратурасы және "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ жергілікті бөлімшесі арасында үш жақты меморандум жасалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Тараптар Ақтөбе кәсіпкерлері үшін қолайлы жағдай жасау, атап айтқанда, шағын және орта бизнестің толық деңгейде дамуына кедергі келтіріп отырған әкімшілік кедергілерді жою жөнінде келісті", - деп атап көрсетті "Атамекен" кәсіпкерлер қауымдастығының өңірлік бөлімшесінің жетекшісі Есімхан Құрманғазин. Оның айтуынша, қазіргі таңда станцияларда пайда болатын проблемаларды айтпаған күннің өзінде вагондар сатып алу, жүк жөнелту бойынша көптеген мәселе қордаланып қалғаны құпия емес.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны