Система Orphus

Ақтөбеде Қытай вагондарын пайдалану тоқтатылды

28.02.2008, 15:27 1339

Ақтөбе. 28 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде Қытай вагондарын пайдалану тоқтатылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Батыс аймақтық көлік прокуратурасының бөлімі хабарлады.

Бөлім бастығы Ирина Катаванның хабарлауынша, бұл шешімді серсенбі күні Ақтөбе облысының ауданаралық экономикалық арнайы соты шығарды.

Сөйтіп, сот Батыс аймақтық темір жол көлігінің мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының "Жолаушы тасымалы"АҚ "Ақтөбе-Алматы" және "Алматы Ақтөбе" бағытымен жүрген 32 Қытай вагондарының 33/34 екі жолаушы поезы қызметін тоқтату туралы шағымдарын қанағаттандырды.

Сот кезінде анықталғанындай, қытайда шығарылған вагондармен жүретін жолаушылардың тыныс алу аймағында зиянды заттардың бары анықталды. Сот отырысында айтылғанындай, бұл "Жолаушы тасымалы" АҚ өкілдерінің қатысуымен өткізілген зертханалық актісімен дәлелденді.

Сонымен қатар, бақылау ведомствосының бөлімі хабарлағанындай, жолаушы вагондарында орнатылған құрал- жабдықтар ҚР қолданылатын халықаралық талаптарға сай келмейді.

Ал "Жолаушы тасымалы" АҚ бұл шешіммен келіспей оны жоғары сот орындарында қайта қарау жөнінде арыз түсіретін болды деп хабарлады Батыс аймақтық көлік прокуратурасының бөліміндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны