03.03.2008, 18:19 3418

Ақтөбеде "Көктем-2008" командалық-штабтық жаттығулары басталды

Ақтөбеде "Көктем-2008" командалық-штабтық жаттығулары басталды

Ақтөбе. 3-наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде "Көктем-2008" командалық-штабтық жаттығулары басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасай отырып.

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сүйенсек, жаттығу аясында үш тапсырма бойынша жаттығулар өтпек. Олар: қызмет орындарының суда зардап шеккендерді құтқару бойынша өзара ықпалдастығы, ВЛ-35кВ сымының үзілу салдарын жою және тасқын салдарын жою кезінде штаб жанынан эвакуациялық пункт ашу.

Жаттығуларға облыс әкімінің орынбасары Мәлік Серікбаев жетекшілік ететін болады.

"Бұл жаттығулардың мақсаты - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жүйесінің дайындық және мүмкіндік деңгейін көтеру, сондай-ақ, елдімекендерді, өмірге қажетті аумақтар мен нысандарды су басу жағдайында орталық және жергілікті атқару органдарының жұмысындағы үйлесімділікті арттыру", - деп атап көрсетті департамент өкілдері.

Жаттығу үш күнге жалғасады. Оған облыстың барлық шұғыл қызметтерімен қатар коммуналдық қызметтің мамандары да қатыспақшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны