05.07.2018, 20:19 3767

Ақтөбеде Құрманғазы оркестрініӊ орасан зор гастролі өтуде

Концерттіӊ жарқын әрі қанық бағдарламасыныӊ көркін заманауи композициялар қыздыра түсті. Ақтөбе жұртшылығы Құрманғазы оркестрініӊ өнеріне ерекше қызығушылық танытты: залда ине шаншар жер болмады.

Ақтөбе. 5 шілде. Kazakhstan Today - "Жұбановтар әлемі" мәдени орталығы (Ақтөбе) Құрманғазы атындағы оркестрді құшақ жая қарсы алды. Гастрольдік бағдарлама 3 шілде күні тамаша концертпен ашылды. Осы кеште сахна төрінде Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Жаӊылсын Хасанова, Өзбекстанныӊ еӊбек сіӊірген әртісі Жеӊісбек Пиязов және "Астана Опера" театрыныӊ керемет солисі Малика Минизини өнер көрсетті. Дирижерлік пульт басында - Иділет Азбаев.

Концерттіӊ жарқын әрі қанық бағдарламасыныӊ көркін заманауи композициялар қыздыра түсті. Ақтөбе жұртшылығы Құрманғазы оркестрініӊ өнеріне ерекше қызығушылық танытты: залда ине шаншар жер болмады.

- Ақтөбеге сапарымыз "Жұбановтар әлемі" мәдени орталығыныӊ арнайы шақыртуыныӊ арқасында жүзеге асты. Жұбановтар отбасы қазақ мәдениетінде айрықша орын алады. Қос ұжым арасында шығармашылық меморандумға қол қойылды. Болашақта көптеген жобаларды іске асырмақ ойымыз бар, - деп атап өтті оркестр директоры Н.Дауешов.

4 шілде күні, сағат 18.00-де "Вокал кеші" концерті өтті, бұл іс-шараға ҚР еӊбек сіӊірген қайраткері Жаӊылсын Хасанова, Өзбекстан Республикасыныӊ еӊбек сіӊірген әртісі Жеӊісбек Пиязов, халықаралық байқаулардыӊ лауреаты, "Астана Опера" театрыныӊ солисі Малика Минизини қатысты.

Гастрольдік бағдарлама 5 шілде күні күйші, "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығыныӊ лауреаты Батыржан Мықтыбаевтыӊ концертімен өз мәресіне жетеді. Осынау жобаныӊ аясында алғаш рет фотожурналист Рафхат Халеловтыӊ "Күй мен күйші" тақырыбындағы көрмесі өтетінін атап өткен жөн.

Еске салар болсақ, гастроль ЮНЕСКО-ныӊ қолдауымен ұлы композитор, күй атасы Құрманғазыныӊ 200 жылдығы, сонымен қатар Елорданыӊ 20 жылдығы аясында өтпек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны