24.04.2018, 14:01 4533

Ақтөбеде "Марғұлан оқулары - 2018. Рухани жаӊғыру және археологиялық мұра" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

Конференция "Рухани жаӊғыру", "Қазақстанныӊ киелі географиясы" мемлекеттік бағдарламалық идеологиялық бағыттары іс-шараларыныӊ аясында өткізілді.

Ақтөбе. 24 сәуір. KazakhstanToday - Халықаралық экспедициялар "Қазақстанныӊ киелі географиясы" жобасыныӊ аясында Ұлы Жібек жолыныӊ құпияларын ашады.

"Марғұлан оқулары - 2018. Рухани жаӊғыру және археологиялық мұра" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға жиналған ТМД елдерінен келген археологтар экспедициялардыӊ жаӊа бағыттары туралы айтты.

"Біз бір-бірімізден мыӊдаған шақырым қашықтықта жұмыс істейміз. Ал осы кездесу бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, сонымен қатар, қол жеткізген жетістіктерімізбен және проблемаларымызбен бөлісуге мүмкіндік беріп отыр. Мысалға, шекаралас учаскелерде Ұлы Жібек жолыныӊ тарихи ескерткіштерін зерттеу үшін халықаралық экспедициялар құру қажеттілігі пісіп жетті. Жібек жолы тарихи ескерткіштерге өте бай, дегенмен де көптеген аймақтар әлі де зерттелген жоқ", - деді ҚР ҒБМ ҒК А.Х.Марғұлан атындағы археология институтыныӊ БҚБ өкілдігініӊ өӊірлік өкілі, бас сарапшы Арман Бисембаев.

Арман Бисембаев елімізде 100-ден сәл астам кәсіби археологтар бар екенін, сондықтан да басқа елдердегі әріптестерініӊ қолдауы өте қажет екендігін айтты.
Ақтөбеде 19-20 сәуірде Астанадан, Алматыдан, Мәскеуден, Санкт-Петербургтен, Қазаннан, Орынбордан, Самарадан, Уфадан, Новосибирскден, Киевтен, Бакуден, Ташкенттен, Бішкектен және ТМД кеӊістігіндегі басқа да көптеген қалалардан археологтар келген халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, сондай-ақ, Еуразияныӊ тарихи-мәдени мұраларын зерттеу, сақтау және танымал етудіӊ маӊызды мәселелерін талқылау үшін еліміздіӊ ірі мұражайларыныӊ басшылары мен қызметкерлері жиналды.

Одан басқа, конференцияныӊ ашылуына осы кездесу арналып отырған, ғылымға еӊбек сіӊірген қайраткер Илкей Марғұланныӊ қызы Данель Марғұлан келді.

Конференция "Рухани жаӊғыру", "Қазақстанныӊ киелі географиясы" мемлекеттік бағдарламалық идеологиялық бағыттары іс-шараларыныӊ аясында өткізілді.

Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны