07.06.2016, 20:11 3779

Ақтөбеде марқұмдардыӊ туыстары жақындарыныӊ содырлардыӊ қолынан қалай қаза тапқанын айтып берді

Ақтөбеде лаӊкестік оқиға кезінде қаза тапқан ақтөбеліктер ертеӊ жерленетін болды. Бірақ олардыӊ сүйектері туыстарына әзірге берілмепті. Тек әскерилердіӊ мәйіттері ғана туған жерлеріне жөнелтілген. Қару сататын дүкенге шабуыл кезінде сатушы мен күзетшіден өзге, қармақ алуға келген тұрғын да қаза тапты. Сондай-ақ, содырлар жолай көлігінде отырған зейнеткерді де атып кеткен

Ақтөбе. 7 маусым. Kazakhstan Today - Ақтөбеде лаӊкестік оқиға кезінде қаза тапқан ақтөбеліктер ертеӊ жерленетін болды. Бірақ олардыӊ сүйектері туыстарына әзірге берілмепті. Тек әскерилердіӊ мәйіттері ғана туған жерлеріне жөнелтілген. Қару сататын дүкенге шабуыл кезінде сатушы мен күзетшіден өзге, қармақ алуға келген тұрғын да қаза тапты. Сондай-ақ, содырлар жолай көлігінде отырған зейнеткерді де атып кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ақтөбеде лаӊкесттік оқиға кезінде 44 жастағы Андрей Максименко еӊ бірінші боп оққа ұшқан. Қару-жарақ дүкенінде сатушы болып істейтін оны жүрегінен атыпты. Жанында болған өзге екі әріптесін қаскөйлер ұрып жыққан. Марқұмныӊ жесірі дүкенде қауіпті заттар сатылатынына қарамастан күзеттіӊ мүлдем болмағанын айтады, деп хабарлайды ktk-tv.kz тілшісі.

Светлана Абдуллина, А. Максименконыӊ жесірі:

-Дүкенде күзет деген болған жоқ. Тек дабыл қоӊырауы істеп тұрған. Кассир қыз әйеуір соны басып үлгеріпті. Күйеуім ол дүкенде 5 жыл жұмыс істеді.

Қара жамылған 35 жастағы Михаил Матросовтыӊ отбасы болған оқиғаға әлі сене алмай отыр. Жексенбі күні марқұм інісімен бірге балық аулауға кетіп, жолай қармақ алу үшін қару сататын дүкенге соққан екен. Сол кезде қақтығыстыӊ дәл ортасында қалыпты.

Светлана Дорофеева, М. Матросовтыӊ жесірі:

-Миша дүкенге кірген бойда артынан содырлар кірген. Оны пышақтап, соӊында атып кетеді. Ал оны көлікте күтіп отырған інісіне де оқ тиіп, қазір ауруханада жатыр.

Ал Галина Онищенко өз күйеуін қаскөйлердіӊ қалай өлтіргенін өз көзімен көрген. Зейнеткер Николай Онищенко үйініӊ жанында көлігінде отырған екен. Дүкеннен қашып шыққан топ оны жұлқылап сыртқа сүйрелепті.

Галина Онищенко, Н. Онищенконыӊ жесірі:

-Мен сол кезде балконнан қарап тұрған едім. Бір топ адам жүгіріп келіп, күйеуімніӊ көлігіне жармасты. Айдап кетпек болғанда жұбайым қарсылық көрсетті. Сол кезде оны атып өлтірді.

Содырлардыӊ қолынан сондай-ақ дүкенге дабыл қоӊырауы бойынша жеткен күзет қызметкері Мерхан Тәжібаев та қаза тапты. Жексенбі күнгі леӊкестік кезінде жалпы 4 тұрғын мен 3 әскери опат болды.

Лаӊкестік оқиға кезінде қаза тапқан ақтөбеліктер ертеӊ жереленеді. Қоштасу рәсімі дәл қару сататын дүкен жанында ұйымдастырылмақшы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны