11.04.2018, 16:49 4368

Ақтөбеде "Мен ақтөбелікпін!" жобасы жүзеге асырылатын болады

4825 ақтөбелік жастар еліміздіӊ басқа өӊірлерінде жоғары білім алуда. Олардыӊ ішінде 2418-і Алматыда, 1611-і астаналық жоғарғы оқу орындарында, қалғандары Қарағанды, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы ЖОО-да оқиды

Шымкент. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Ақтөбеде "Мен ақтөбелікпін!" жобасы жүзеге асырылатын болады.

Ұйымдастырушылар осы жоба аясында еліміздіӊ басқа аудандарында жоғары білім алған ақтөбелік студенттерді жұмысқа орналастыырууды жоспарлайды.

Бұл туралы Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз-конференциясында облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ басшысы Бұлбұл Елеусінова айтты.

Басқарма басшысыныӊ айтуынша сәуірде Батыс Қазақстан облысыныӊ Орал қаласында "Ақтөбе жастарыныӊ күні" өтеді.

"Осы ірі шара барысында Батыс Қазақстан облысыныӊ жоғарғы оқу орындарында оқитын ақтөбелік студенттермен кездесулер өткізілетін болады. 713 студенттіӊ 160-ы 45 мамандық бойынша биылғы жылы оқуды аяқтайды. Біз оларға "Актеп", "Greenhouse" ЖШС сияқты өӊірдіӊ ірі кәсіпорындарында жұмыс істеуді ұсынуға дайынбыз", - деп өз жоспарларымен бөлісті Бұлбұл Елеусінова.

Қазіргі таӊда өӊірге ауылшаруашылық саласыныӊ 57 маманына қажеттілік байқалады.

Одан басқа, оқу бітірушілерге "Дипломмен ауылға!" бағдарламасыныӊ артықшылықтары туралы айтылатын болады.

4825 ақтөбелік жастар еліміздіӊ басқа өӊірлерінде жоғары білім алуда. Олардыӊ ішінде 2418-і Алматыда, 1611-і астаналық жоғарғы оқу орындарында, қалғандары Қарағанды, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы ЖОО-да оқиды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны