02.04.2008, 17:52 3518

Ақтөбеде нан бағасы қымбаттады

Ақтөбеде нан бағасы қымбаттады

Ақтөбе. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бүгіннен бастап Ақтөбенің желілік ірі дүкендерінде 650 грамдық бірінші сортты ұннан пісірілген нанның құны 34 теңгенің орнына 39 теңгеге сатылуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жергілікті билік орындары мен кәсіпкерлер көп уақытқа дейін республика бойынша нанның ең төмен бағасын ұстап тұру үшін бар күштерін жұмылдырған. Ал Қазақстанның басқа қалаларында нанның сату құны әлде қайда жоғары болған. Мысалы, Ақтауда- 67 теңге, Алматыда - 61 теңге, Атырауда - 53 теңгеге нан сатылған", -деп атап өтті Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Бармағамбетов.

Оның сөздері бойынша бұған "облыста құрылған бидайдың тұрақтандыру қоры, бидайды өндірумен айналысатын ауыл шаруашылық өндірісшілеріне жанар -жағар майды, тұқымдарды сатып алуда қолдау көрсетіліп, несие алу мәселесі бойынша да көмек көрсетілгендігі септігін тигізді".

"Алайда, кейбір себеп-салдарға байланысты бірінші сортты нанды шығаратын кәсіпорындар шығындарға ұрына бастады. Себебі, оған азық-түлік бидай құнының екі есеге қымбаттауы, оларды дайындауға жұмсалатын және тұрақтандыру қорындағы бидайды сақтап өңдеудің шығындары артты", -деп атап өтті Б. Бармағамбетов.

Осыған орай нан бағасын аздап қымбаттату туралы шешім қабылданды, деп түсіндірді қала әкімінің орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны