03.01.2018, 13:44 4695

Ақтөбеде "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында екі жаӊа мектеп ашылды

Тәуелсіздік жылдарында облысымызда 125 мектеп тұрғызылды, мектепке дейінгі ұйымдар желісі 457 бірлікке дейін көбейтіліп, жалпы, мектепке дейінгі біліммен балалардыӊ 96%-ы қамтылған",-деді аймақ басшысы мектептіӊ ашылу салтанатында. Ол өӊірде барлығы 31 мектеп салынып жатқанын, оныӊ 15-і биыл пайдаланылуға берілгенін атап өтті.

Ақтөбе. 3 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ақтөбеде "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында екі жаӊа мектеп ашылды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтыӊ, педагогикалық қоғамдастық пен және ата-аналардыӊ қатысуымен жаӊа білім беру мекемелері салтанатты түрде ашылды.

И.Бөкейханов атындағы №67 орта мектебі Ақшат ауылыныӊ 300 оқушысына өз есігін айқара ашты. Оқу орны "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған. Осы уақытқа дейін мұнда саз балшықтан жасалған ғимаратта орналасқан бастауыш мектеп қана болған.

"Мемлекет басшысы өскелеӊ ұрпақтыӊ тәрбиесі мен білім алуына ерекше назар аударып келеді. Бұл бағытта біздіӊ өӊірде көптеген жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Тәуелсіздік жылдарында облысымызда 125 мектеп тұрғызылды, мектепке дейінгі ұйымдар желісі 457 бірлікке дейін көбейтіліп, жалпы, мектепке дейінгі біліммен балалардыӊ 96%-ы қамтылған",-деді аймақ басшысы мектептіӊ ашылу салтанатында.

Ол өӊірде барлығы 31 мектеп салынып жатқанын, оныӊ 15-і биыл пайдаланылуға берілгенін атап өтті. Сондай-ақ, Ақтөбеде балалардыӊ демалысын ұйымдастыру, олардыӊ қабілеттерін үйлесімді дамыту мақсатында мыӊ орынға арналған Шығармашылық орталық жұмыс жасай бастады, "Жекпе жек сарайында" болашақ чемпиондар мен олимпиада жеӊімпаздары жаттығуда.

"Бар-жоғы бір жылда тұрғызылған жаӊа мектепте заман талабына сай барлық жағдай жасалған. Мектептіӊ мұғалімдер құрамы болашақта ел дамуына елеулі үлес қосатын жоғарыбілімді жастарды тәрбиелеуге барлық күш-жігерін жұмсауға тиіс", - деп атап өтті облыс әкімі.

Қонақтар зертханалар, мультимедиялық кабинеттер және интерактивті тақталармен жабдықталған кабинеттермен қамтамасыз етілген ғимаратты қарап шықты. Мектепте демалыс және дене-шынықтыру-спорттық аймақ бар. Инклюзивтік білім беруді дамыту шеӊберінде тірек-қозғалыс аппараты мүшелерiнiӊ функциялары бұзылған, мүмкіндіктері шектеулі балаларды жеделсаты, пандус, арнайы жиһазбен қамтамасыз ету шаралары қарастырылған. 300 орынға арналған мектеп құрылысына бюджет есебінен 864 млн. теӊге жұмсалды.

Сонымен қатар, облыс әкімі "Болашақ" жаӊа шағын ауданындағы №68 орта мектептіӊ ашылуына қатысты. Ол мұғалімдердіӊ қиын еӊбектері үшін алғыс білдіріп, қызметтерінде озық инновациялық технологияларды қолдануға шақырды.

Жаӊа оқу орны 755 млн. теӊгеге салынды. Оқу орнында балалардыӊ оқуы мен дамуы үшін барлық қажетті жағдайлар қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны