10.09.2007, 18:41 3117

Ақтөбеде соңғы 15 жылда алғаш рет экологиялық ахуалға кешенді баға берілуде

Ақтөбеде соңғы 15 жылда алғаш рет экологиялық ахуалға кешенді баға берілуде.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10 қыркүйек. АҚТӨБЕ. Ақтөбеде соңғы 15 жылда алғаш рет экологиялық ахуалға кешенді баға берілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қаладағы ластану деңгейін анықтау үшін облыстық табиғи ресурстар департаментінің жанында арнаулы топ құрылып, оның мамандары ауа, топырақ және су сынамаларын тексеруде.

"Ақтөбедегі экологиялық ахуалға кешенді баға беру" жөніндегі топтың өкілі Жансұлтан Ердесовтың хабарлауынша, жұмыс жылдың аяғына дейін аяқталады.

"Қаладағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін табиғи ортаға техногендік әсерді азайту шараларын дәйектеу мақсатында Ақтөбе аумағындағы табиғи жағдайларды талдаймыз", - деді эколог.

Қазіргі жағдаймен зерттеулердің бірінші кезеңі аяқталған. Алдын-ала нәтиже көрсеткендей, Ақтөбе хромды қоспалар зауыты, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Ақтөбе ЖЭО секілді өнеркәсіп орындары мен "Кирпичный" ауданындағы жай үйлер секторында ауаның рұқсат етілген ластану нормаларынан арту оқиғалары анықталған.

Ақтөбе көшелеріндегі ауа да бұдан оңып тұрған жоқ. Мамандардың мәліметінше, қаладағы ең ауасы ластанған аймаққа Маметова және Ломоносов көшелерінің қиылысы жатады, бұл жермен 20 минутта 1900 жуық көлік өтеді.

"Қаланың бүкіл аумағында азот диоксиді мен формальдегид концентрациясының арту оқиғасы анықталған", - деді Ж. Ердесов.

Облыстық табиғи ресурстар департаментінен хабарлағанындай, келесі жылы Ақтөбеде зиянды заттардың атмосфераға тасталуға рұқсат берілген шектеулі мөлшерінің жиынтық томы жарық көреді. Оған нормативтік-реттеуші база да қамтылады. Экологтар соның негізінде кәсіпорындарға улы заттарды ауаға тастауға рұқсат беру мәселелерін шешетін болады. Департаменттегілердің түсініктемесіне сәйкес, қазіргі жағдаймен кәсіпорындарда осындай ережелер болғанымен, олар әркімнің өзіне ғана тиесілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны