13.04.2018, 09:48 5393

Ақтөбеде студенттерді жатақханалармен қамту 100% жуық құрайды

Ақтөбеде 6 жоғарғы оқу орны жұмыс істейді, оларда 22 мыӊ студент оқиды. Олардыӊ 2-уі - Т.Бегелдинов атындағы Иуе Қорғаныс Күштерініӊ әскери институты мен М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заӊ институты.

Ақтөбе. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Өӊірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз-конференциясында Ақтөбе облысыныӊ ішкі саясат басқармасыныӊ басшысы Бұлбұл Елеусінова студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету жөніндегі "Бес әлеуметтік бастама" үндеуінде айтылған Президенттіӊ тапсырмаларыныӊ қалай орындалып жатқаны туралы хабарлады.

Оныӊ айтуынша өӊірде жоғары білімге қолжетімділіак пен оныӊ сапасын арттыру және студент жастардыӊӊ жатақханада тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі еӊ тиімді шаралар алынуда.

Ақтөбеде 6 жоғарғы оқу орны жұмыс істейді, оларда 22 мыӊ студент оқиды. Олардыӊ 2-уі - Т.Бегелдинов атындағы Иуе Қорғаныс Күштерініӊ әскери институты мен М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заӊ институты.

"Қалған 4 жоғарғы оқу орныныӊ жатақханаларындағы орын саны - 4667, іс жүзінде тұратын студенттер саны - 2747 адам. Жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті студенттері үшін өзекті болыып қалып отыр. Медициналық университеттіӊ 2020 орындық 4 жатақханасыы бар, ЖОО 436-ы студенті әзірше жатақханадағы орынға мұқтаж. Бұл мәсележақын арада шешімін табатын болады", - деп нақтылады Ақтөбе облысыныӊ ішкі саясат басқармасыныӊ басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны